USD
USD
USD

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер ұсталды

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға беру арқылы алаяқтық әрекетке барған әйелдер Павлодарда ұсталды. 

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер Павлодарда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 24 жастағы Б.есімді қыз бен 27 жастағы С.есімді әйел Павлодар қаласында тұрып жатса да, Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. – Анықталғандай, олар өздерінің құйтырқы мақсаттары үшін интернетте пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландыруларды орналастырған. Олар жалдау ақысын төмен қылып, басқа адамдардың жарнамасынан суреттерді қойған. Клиенттермен келіссөздер тек телефон арқылы жүргізілді, олар өздерінің ниеттерінің тазалығына сендіріп, алдын ала төлемді балансқа аударуды ұсынған. Зардап шеккендер ақша жіберген кезде әйелдер бірден жарнаманы алып тастап, ұялы телефондарын өшіріп отырған, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірнеше зардап шеккендер анықталды. Алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Айтпақшы, бұрын екі әйелдің де соттылығы болған.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»

статистика

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Смартфон

«Келешек мектептері» жаңа білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталық болуға тиіс – Президент

Келешек мектеп

Президент 18 жастағы оқушылардың мектепте оқуына қатысты мәселе көтерді

Халық Кеңесі