USD
USD
USD

Алматыда жоғалған мектеп оқушысы табылды

Алматыда жоғалған 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда жоғалған мектеп оқушысы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы жылдың 20 ақпаны күні жоғалды деп жарияланған Күнту Шерхан қазір ата-анасының жанында.

«Абырой болғанда бала дін аман, түнде ата-анасына тапсырылды. Полиция оны қаланың төменгі бөлігінен тапты. Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы атынан іздеу жұмыстарына атсалысқаны және бірлескен әрекеттері үшін волонтерларға алғыс айтады. Күнту Шерханды іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам қатысты. Олардың ішінде полиция қызметкерлерінен басқа мектеп ұстаздары мен волонтерлар бар. Біз жасөспірімнің аман-есен табылатынына сендік. Оның неліктен үйінен кетіп қалу себебі әлі нақтыланып жатыр»,-деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Ләйлә Әліпбаева.

Қазір оқып жатыр

Журналистер Құрылтай депутаттарымен енді қалай жұмыс істейді – Аппарат түсіндірді

жаңа құрам

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Қарағанды

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Электр энергиясы

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт