USD
USD
USD

Алматыда жоғалған қыздың денесі өзен жағасынан табылды

Алматыда жоғалып кеткен Виктория Солдатованың денесі таудағы өзеннің жанынан табылды.

Алматыда жоғалған қыздың денесі өзен жағасынан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 қыркүйек күні полицейлерге бір қыз әпкесінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Оның айтуынша, 17 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00 шамасында әпкесі үйден шығып кетіп, оралмаған.

Бұл ретте ол әпкесі жігітімен әңгімесінде тауға баратынын айтып, сәлден соң оны өрмекші шағып алғанын жазғанын түсіндірді.

- Таулы аймақта өзен жағасында жүргізілген іздестіру барысында жоғалған қыздың денесі табылды. Зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ, - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити