USD
USD
USD

Алматыда жылу уақытынан ерте беріледі

Алматыда 2 қазаннан бастап жылу беріледі.

Алматыда жылу уақытынан ерте беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкімдіктің мәліметінше, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен қаладағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты биыл жылыту маусымы ертерек басталады.

"Қолайлы жағдайды талап ететін ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ең алдымен жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік нысандар қосылады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Одан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушыларына беріле бастайды. Әкімдіктің хабарлауынша, жылу көздері, газ желілері, қазандықтары жылу беруге 100% дайын. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы