USD
USD
USD

Алматыда жылу энергиясы қымбаттай ма?

Алматыда жылу энергиясының тарифі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Тимур Қаленов онлайн брифингіде мәлім етті.

Алматыда жылу энергиясы қымбаттай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14%-ға өсуі күтілген.

Алайда, Мемлекет басшысының халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу туралы тапсырмасын орындау үшін энергия көздеріндегі тарифтер төмендетілді.

«2020 жылы халық үшін жылу энергиясына тариф өзгерген жоқ – 4294,6 теңге. Бұдан басқа, халыққа арналған тарифтер көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2020 жылғы 1 наурыздан бастап -2% -ға, сондай-ақ 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында 10% -ға төмендеді, әсіресе төтенше жағдай кезінде ыстық су тарифі төмендеді, – дейді Тимур Қаленов.

Биыл 1 ақпаннан бастап халық үшін жылумен жабдықтауға арналған тариф 3%-ға азаяды. Соның арқасын 552 млн теңге үнемделеді.

Сонымен қатар, ол департамент 2020-2024 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтің шекті деңгейін бекіткенін жеткізді.

«Соған сәйкес сумен жабдықтау қызметтері бойынша халық үшін тариф 44,65 теңге/м3 кезінде 4% -ға 42,86 теңге/м3 дейін, су бұру қызметтері бойынша тариф 23,14 теңге/м3 мөлшерінде 0,1% -ға 23,12 теңге/м3 дейін төмендеді. Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында сумен жабдықтау және су бұру тарифтері төтенше жағдай кезінде 10% -ға азайды», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт