USD
USD
USD

Алматыда жылу беру маусымы басталды

Алматыда әлеуметтік нысандарға бүгіннен бастап жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жылу беру маусымы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажановтың айтуынша, Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер ағымдағы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады. Қалада барлығы білім беретін – 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.

Қазір оқып жатыр

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов