USD
USD
USD

Алматыда жылқысын автобуспен тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды

  Алматыда қоғамдық көлік ішінде жылқысын тасымалдаған жануар иесіне айыппұл салынды.

Алматыда жылқысын автобуспен тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін автобус ішінде тасымалданып бара жатқан жылқының видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Полицияның мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгілі болды. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полициясы бөлімі №12 автобуспен жылқысын тасымалдап келе жатқан Ж. есімді азаматты анықтады. Ол өз қателігін бірден мойындады.

Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері