USD
USD
USD

Алматыда жыл басынан 31 жаяу жүргінші қаза болды

Алматы жолдарында жыл басынан 31 жаяу жүргінші қаза тапты

Алматыда жыл басынан 31 жаяу жүргінші қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық әкімшілік полициясының мәліметінше, жыл басынан бері шаһарда орын алған 933 жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің қатысы болған. Салдарынан 31 адам қаза тапты. Сонымен қатар, биылғы жылдың тоғыз айында жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін 9 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды. «Жыл сайын жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді.

Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы, ең алдымен, өз қауіпсіздігін ойлап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы керек. Балалар ата-анасының істегенін қайталайды. Сондықтан үлкендер өздеріне және баласына қауіпсіз орта құру үшін дұрыс үлгі көрсетуі керек. Жаяу жүргіншілерді жолдардағы тәртіпті жақсартуға шақырамыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай