USD
USD
USD

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан өзбекстандық қыздар ұсталды

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан өзбекстандық қыздар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды “Заңсыз келуші” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

– Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді. Осылайша, қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында 7 өзбекстандық бикеш бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылады. Алдағы уақытта көші-қон заңнамасын бұзғандар үшін жауапкершілікке тартау, соттау және Қазақстаннан шығару қарастырылады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазан мен 8 қазан аралығында қалада ҚР-да заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған “Зансыз келуші” жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала