USD
USD
USD

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 484 әйел ұсталды

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 15 притон жойылды. Интим қызмет көрсеткен 484 әйелге қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 484 әйел ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция мәліметінше, рейд жүргізу барысында бірнеше жезөкшелер үйі анықталған. Жезөкшелер үйінің бірі Алматыдағы Тынышбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде орналасқан.

«Жыл басынан бері осындай 15 орын анықталды, олардың иесі жезөкшелікпен айналысуға пәтер бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, интим қызмет көрсеткен 484 әйелге әкімшілік шара қолданылды. Көпшілігі қиын жағдайына байланысты жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты», – дейді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Ол полиция қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізетінін айтты. Айта кетейік, құқықбұзушылар арасында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жиі кездеседі. Олар сот шешіміне сәйкес елден шығарылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық