USD
USD
USD

Алматыда жезөкшеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Алматыда 1,5 жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуылдың қатысушысы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жезөкшеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, қылмыс 2021 жылдың желтоқсан айында болған.

Қылмыстық жолмен баю мақсатында екі ер адам әлеуетті клиенттердің атын жамылып, жеңіл жүрісті қыздан “қызмет көрсетуін” сұрап, оны тонап кеткен. Әйелдің телефоны мен жинаған ақшасын тартып алу үшін қаскөйлер оны байлап тастаған.

– Осы қылмысқа қатысушылардың бірі ұсталды. Ол сотталды, жазасын өтеп жатыр. Тағы бір сыбайласы тергеуден қашып кеткен. Оған мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған. Күні кеше күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бостандық аудандық ПБ-мен қарақшылық шабуыл дерегіне сәйкес ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев