USD
USD
USD

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген ақпарат шықты

Алматының төтенше жағдайлар қызметіне жеті нысанда жарылғыш заттардың қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жөнінде қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген ақпарат шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта қаланың төтенше жағдайлар қызметі бірқатар нысандарға жарылғыш заттың қойылған-қойылмағанын тексеруде.

"Таңертең жеті нысанға жарылғыш құрылғылар қойылды деген ақпарат келіп түсті, оның үшеуіне тексеріс жүргізілді және ақпарат расталмаған болып шықты. Қазіргі уақытта қалған нысандарға тексеріс жұмыстары жүргізілуде", – деп мәлімдеді бейсенбі күні Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол тексеру жұмыстары жүргізілген үш нысанның қалыпты жұмыс жасап жатқанын қосып өтті.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары екі сауда үйінде, Алматы халықаралық әуежайында және қаладағы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғылардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

"Тексеру арнайы техника мен саперлардың көмегімен жүзеге асырылуда. Тиісті шаралар негізінде нысандарға келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерлерге көшірілді. Азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", –  деп қосты полиция.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент