USD
USD
USD

Алматыда жеті автобустың бағыты өзгереді

Алматыда Сейфуллин даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді, деп хабарлайды Қалалық көлік холдингі.

Алматыда жеті автобустың бағыты өзгереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сейфуллин даңғылының (Рысқұлов көшесінен Алматы-1 вокзалына дейін) жол бөлігін жөндеуге байланысты 9 тамыздан бастап төмендегі қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді:

№18 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;

№18 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;

№30 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - одан әрі схема бойынша;

№ 30 - кері бағытта - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;

№34 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;

№ 34 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы;

№72 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;

№ 72 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі-Сейфуллин даңғылы;

№129 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№129 - кері бағытта - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;

№138 - оңтүстік бағытта - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;

№138 - кері бағытта - өзгеріссіз;

№7 троллейбус - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Рысқұлов даңғылына бұрылу - кері бағытта қозғалыс, бақылау бекеті «Сейфуллин / Рысқұлов» аялдамасы болатын болды;

№7 троллейбус кері бағытта - «Сейфуллин/Рысқұлов» аялдамасы - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс