USD
USD
USD

Алматыда жерге көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Алматының Медеу ауданында көмілген қару-жарақтар табылды.

Алматыда жерге көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне қару-жарақ жасырылған орын белгілі болды.  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлескен жедел тексеріс барысында, Сахариев көшесінің маңында жыраға қарай түсерде, ағаштардың арасынан ақ қапшыққа салынған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. 

Полиция қызметкерлері 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 мылтық, 12 калибрлі тегіс ұңғылы «Макаров» тапаншасы, «Форт 17Т» маркалы травматикалық тапанша, РГД – 5 гранаталары, 13 дана 12 калибрлі патрондар, 9 мм патрондар – 15 дана, қуаттандырғышы бар «Kirisun» рациясын тәркіледі.

 «Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Барлық тергеу әрекеттері жүргізілген соң, арсеналдың кімдікі және қайдан шыққаны белгілі болады», - деп хабарлады полицияда.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.