USD
USD
USD

Алматыда жер мәселесі шешілді

Алматы қаласының меншігіне 383,5 га жер қайтарылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есепті кездесу барысында айтты. 

Алматыда жер мәселесі шешілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің тағайындалғанымнан бастап жол, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, емханалар салу, саябақтар,бақшалар, қоғамдық демалыс аймақтарын құру үшін  бос жерлердің жетіспейтіндігімен қақтығыстым. Сондықтан мен Орталық алдына проблемалық несиелер қоры кепілдігіндегі жерлерді қаланың қарамағына беру мәселесін қойдым»,  – деп түсіндірді қала әкімі Б. Сағынтаев.

2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Үкіметі «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және «Kazkom Reality» ЖШС жерлерін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылдады. Берілетін жерлердің жалпы көлемі 383,5 га құрады.

«Бұл жерлер қала үшін маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін ғана жұмсалады», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Көзделген аумақтардың ішінде рекреациялық және саябақ аймақтарына 166,34 га бөлінді, оның ішінде 116,74 га Іле Алатауы тауының етегіне келеді, мұнда Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша алғаш ашылған тау ландшафты сақтап қалуға ниетті. Қала орталықтарын дамыту үшін 7 балабақша, 4 мектеп, оқушылар сарайлары, емханалар, метрополитен, автовокзал сынды әлеуметтік нысандардың құрылысына 87,44 га жер бөлінді. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы 66,69 га құрайды. Көлік коммуникациясына әкімдік 38,33 га бөлді.

Жалпы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша жер мәселелері бойынша 6 693 оң шешім қабылданса, бұл 2018 жылға қарағанда 2 есе көп. Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінде көлік айрығын салу үшін бұзу қарастырылған 117 үйдің иелеріне Абай даңғылын кеңейту үшін 59 үйдің меншік иелеріне өтемақы төленген.

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries