USD
USD
USD

Алматыда жер сілкінді

МSК-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен сезілген.

Алматыда жер сілкінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «1 қазан түнгі сағат 03:30-да Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.
«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан жерінде орналасқан», – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 11.8 MPV, магнитудасы – 6.2. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2-3 балл қуатымен сезілген.
Сондай-ақ кеше, 30 қыркүйек күні сағат 20:59-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі болды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала