USD
USD
USD

Алматыда Жеңіс күнінің құрметіне орай қандай іс-шаралар өтеді?

9 мамыр күні сағат 09:30-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу аясында 28-ші панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен Даңқ мемориалының жанында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі ресми түрде ашылады.

Алматыда Жеңіс күнінің құрметіне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт сағат 11:00-де 28-ші панфиловшы-гвардияшылар саябағының алаңында өтеді. Қазақстандық әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдандағы және соғыстан кейінгі әндерді орындайды.

Қалада Б. Момышұлының монументіне, Т. Бигелдинов, Р. Қошқарбаевтың мемориалдық тақтасына, А. Молдағұлова мен М. Мәметованың, С. Нұрмағамбетовтың ескерткіштеріне, С. Луганскийдің бюстіне, «Отан ұлдарына мәңгілік естелік» және «Отан үшін шайқаста қаза тапқандарға мәңгілік даңқ» мемориалдарына гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.

Іс-шараның құрметті қонақтары - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер және т. б.

Жеңіс күнін мерекелеу Ш. Уәлиханов атындағы скверде және Жібек Жолы-Панфилов көшелерінде сағат 11.00-ден бастап өтеді. Концерттер «Алматы әуендері» әртістерінің, Абай атындағы ҚҰОБТ театры солистерінің, музыкалық топтардың  қатысуымен өтеді.

Қала әкімдігі 50 мың «Жеңіс лентасын» таратуды ұйымдастырады. Оларды 28 панфиловшылар- гвардияшылар,Орталық мәдениет және демалыс саябақтарында, мерекелік іс-шаралар өтетін басқа жерлерде алуға болады

Мектептер мен колледждерде әскери қызметшілерді, ардагерлерді, қатардағы азаматтарды шақыра отырып, тақырыптық «Ерлік сабақтары», сондай-ақ балаларды түрлі қорғаныс түрлерімен таныстыру бойынша сабақтар өтеді.

Мереке аясында онлайн форматта «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») акция-шеру өтеді. Акция «Ер есімі – ел есінде» арнайы платформасында өтеді, онда қазақстандық батырлар туралы ақпаратты көруге болады.

Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің, оның орынбасарлары мен аудан әкімдерінің қатысуымен «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы аясында үйлеріне барып қызмет көрсетілетін және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және тыл еңбеккерлерін құттықтау жоспарланған.

Жеңіс күніне арналған салтанатты шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай

Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

Алматы әуежайы

Президент БАҚ пен желіде сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеуді сынға алды

Желі