USD
USD
USD

Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды.

Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым ету рәсімі жасалды. Бұл шараға Алматы қаласының әкімдігінің басшылығы, және желтоқсандық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Ресми шара алдымен 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен басталды. Дін өкілдері құран бағыштады. Осыдан соң желтоқсаншыларға арнайы ас ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың желтоқсаншылардың ерлігін мәңгі есте қалдыру туралы тапсырмасына сәйкес Алматыда сол оқиғалардың құрметіне «Желтоқсан» деп аталатын саябақ ашылды. Сонымен қатар, осы саябақта орнатылатын ескерткішті дайындауға шығармашылық байқау жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе