USD
USD
USD

Алматыда жедел жәрдемнен шу шықты 

  Алматыдағы жедел жәрдем жүргізушілері көліктің қосалқы бөлшектерін өз ақшамызға сатып аламыз деп шағымданды.

Алматыда жедел жәрдемнен шу шықты 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол қаражаттың қайтарымы да жоқ. Адал ақшасын қайтара алмаған жұрт шағымын журналистерге айтты. Ал мекеме басшылығы бұл айтылғандарды мойындамайды. Бұл қаладағы №12 жедел жәрдем қосалқы станциясының көлік жүргізушілерінің 2019-2020 жылдардағы шығыны. «Түбіртектердің барлығы қажетті бөлшектерді сатып алған соң берілген», – дейді жиналғандар. Айтуларынша, екі жылдағы шығынның жалпы сомасы бір жарым миллион теңгеге жуықтайды екен.

Жедел жәрдем жүргізушісі Кенжеболат Есімсейітов: "2019 бен 2020 жылдағы ақшаны есептесек, қазір қолымызда бір, бір жарым миллионға дейінгі чек бар. Біздің он екінші подстанцияның өзі сондай чек болып тұр. Көлікке қажет қосалқы бөлшектер сатып алынбай, көлік жүрмейтін болса, біздің ауысымымыз болмайды", – дейді. 

 Қызметкерлерге медициналық киімдерді де сатып алуды міндеттепті. Осы мәселелерді көтеріп, ақшаларын талап еткен жүргізушілер тиісті органдарға арызданған. Алайда шағымданған қызметкерлер басшылық тарапынан қысым көре бастағандарын айтады.Тіпті кейбіріне арыздан бас тарту туралы қолхат жаздырып алыпты.

  Қоғамдық денсаулық басқармасы мәселеге жедел жәрдем қызметі жауап беретінін айтты. Ал Жедел жәрдем қызметі директорының мәліметінше, көлік жүргізушілерінің айтқан сөзі де, көрсеткен құжаттары да жалған. «Қызметтік көліктерге сатып алынған қосалқы бөлшектер мен техниканы жөндеуге кеткен ақша толықтай мекеме тарапынан төленеді», – дейді қалалық Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев. Оның дәлелі ретінде директор бухгалтерлік құжаттарды көрсетті. 

"Көліктерді жөндеу жұмыстары арнайы техникалық орталықтарда жүргізіледі. Оған қоса жаңа көліктерге кепілдік бойынша қызмет көрсетеді. Бірнеше адамның арызы шындыққа сай келмейді. Ең басында қызметтік тексеру жүргізілсін деп 77 адам қол қойған. Біз жағдайды түсіндірген соң, өзгеге алданып қалғанын біліп, көпшілігі ұжымдық арыздан бас тартты", – деген ол қызметкерлерге ешқандай қысым көрсетілмеді дейді. Басшылыққа тағайындалғанына 5 ай болған жаңа директор құзырлы орган тарапынан тексеру келсе де, дайын екенін жеткізді.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары