USD
USD
USD

Алматыда жатақхана маңында студенттер төбелескен

Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды.

Алматыда жатақхана маңында студенттер төбелескен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жаппай төбелеске шамамен 25-30 адам қатысқаны көрінеді.

Төбелестің себебі әлі белгісіз. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жастар арасындағы жаппай төбелес 23 ақпан күні 23:00 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

«Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу