USD
USD
USD

Алматыда жасөсіпірімді соққыға жыққан ер адам ұсталды

«Шымбұлақ» тау курортында орналасқан қонақ үйдің бірінде жасөспірімді ұрып-соққан. Бұл туралы зардап шегушінің әпкесі әлеуметтік желіде жазды. Күдікті ұсталды.

Алматыда жасөсіпірімді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы тұрғыны Instagram-дағы парақшасында он төрт жасар інісін ер адам ұрып тастағаны туралы жазды.

«Баланың айтуынша, ол дәмханаға шай алуға барған. Ортада көңіл көтеріп, билеп жүрген ересек ер адамдар оны қолынан тартып билеуге шақырған. Алайда, інім билеуден бас тартқан. Нәтижиесінде оны соққыға жықты», - деп жазды желі қолданушы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі патрульдік полиция мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанын хабарлады. Жасөспірімді ұрды деген күдікпен 1983 жылы туған А.Ж.Мәдиев есімді азамат ұсталып, ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Жасөспірімге алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге саунада демалған адамдарға карантин нормаларын бұзу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 425-бабына сәйкес әкімшілік материал ресімделіп, СЭС-ке жіберілді», - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті