USD
USD
USD

Алматыда жас жігіт мешіт жамағатын тонап жүрген

Алматыда жас жігіт мешіт жамағатын тонап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жас жігіт мешіт жамағатын тонап жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Бұл табыс тізбегін 23 жастағы А. есімді азамат ойлап тапқан. Ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған.

– Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған, –  дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Полиция қызметкерлері бұдан да көп эпизодтар болуы мүмкін екеніне сенімді. Сондықтан тәртіп сақшылары бұл ер адамның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 254-48-72.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры