USD
USD
USD

Алматыда жас жігіт адамдарды 50 млн теңгеге алдап кеткен

Алматыда полицейлер мегаполис тұрғындарын алдады деген күдікке ілінген жас жігітті ұстады.

Алматыда жас жігіт адамдарды 50 млн теңгеге алдап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1996 жылы туған азамат А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті салынған ақшаны өсіммен қайтарып беруге уәде беріп, түрлі бизнес жобаларына инвесторларды тартып отырған. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 50 миллион теңгені құрады.

«Жедел іс-шаралар жүргізілді – күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның осыған ұқсас бірнеше эпизодтарға қатысы бар екені анықталды: 2019 жылдан бері азамат бизнеске ақша саламын деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталуда, кейбірі әлі полицияға арызданбаған», – деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев