USD
USD
USD

Алматыда жас ана балаларының көзінше асылып өлді (видео)

Алматыда қайғылы оқиға болды. 29 жастағы келіншек үш баласының көзінше асылып өлді.

Алматыда жас ана балаларының көзінше асылып өлді (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлады.

«Бүгін менің көршім, үш баланың анасы, жас сұлу келіншек өз пәтерінде балаларының көзінше асылып өлгді. Тұрғындар мен көршілерінің айтуынша, ол жиі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Мен растай алмаймын. Оны тергеу анықтайды», - деп жазды алматылық Facebook парақшасында.

Қалалық полиция бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

«Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады Алматы қалалық полициясы. 

Қазір оқып жатыр

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай