USD
USD
USD

Алматыда жарақат алған 2 баланың біреуінің жағдайы ауыр

Алматыда оқушылар төбелесіп, екеуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жарақат алған 2 баланың біреуінің жағдайы ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушылар пышақ жарақатымен №2 қалалық балалар ауруханасына 27 қазан күні түсті.

«Кеше пышақ жарақатымен кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім №2 қалалық балалар ауруханасына түсті. Жақын туыстарының айтуынша, балалар қатарластарымен болған төбелес кезінде жарақат алды. Біріншісінің жағдайы ауыр, тұрақсыз, іштің алдыңғы бүйір қабырғасы мен сол жақ бүйрегі зардап шеккен, екінші науқастың іш құрылысына зақым келген, жағдайы бірқалыпты, бөлімшеге ауыстырылды»,- деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. Оқиға Алатау ауданына қарасты «Ақкент» шағынауданында болды.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.