USD
USD
USD

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Дулати көшесімен оңтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан.

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Набережная көшесінен сәл жоғарыда автокөлік артқы оң жақ бөлігімен сол бағытта келе жатқан Hyundai Getz көлігімен соқтығысқан. Құтқарушылар зардап шегушіні гидравликаның көмегімен көліктен шығарды. Ер адамның жағдайы ауыр.

Осыдан кейін Mercedes жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Nexia дәмхана аумағына ұшып түсті.  Daewoo Nexia жүргізушісі көлікте кептеліп қалған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырылды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды шығару үшін гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің шанағын кесті.

Ер адамның жағдайы ауыр, ол ауруханаға жатқызылды. Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты