USD
USD
USD

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға темір таратқандар ұсталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға темір таратқандар ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті өкілі мәлімдеді.

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға темір таратқандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар күдікті алты жігітті ұстаған. Олардың жасы - 20-дан 24 жасқа дейінгі аралықта.

«5 қаңтарға қараған түні олар ұзындығы 70 сантиметр темір дайындағаны анықталды. Күдіктілер бұл әрекетті Шаңырақ шағынауданындағы үйлердің бірінде жасаған. Олар келесі күні жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға темір таратқан», – деді Алматы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Оның айтуынша, кездейсоқ куәгерлер темір таратылған сәтті ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрлардан адамдар Төле би көшесі бойында "Газельдегі" темірлерді "таратып жатқанын" көруге болады.

«Заңсыз әрекеттерге қатысушылар анықталып, ұсталды. Олар түні бойы құқық қорғау қызметкерлеріне дене жарақатын салу мақсатында тәртіпсіздіктерге қатысушыларға темір дайындағанын мойындады», – деді Әбілбеков.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігіне сәйкес жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айып тағылып, қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ