USD
USD
USD

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан астам адам ұсталды

Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті.

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан астам адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Жетісу және Наурызбай аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2159 қатысушысы ұсталды. 67 бірлік атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.

«Өткен тәуілікте «102» пультіне 754 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді», - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі