Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда жаппай дезинфекция жасалады

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, барлығы 494 нысанда дезинфекция жүргізіледі.

Алматыда жаппай дезинфекция жасалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алатау ауданында - 8 базар, 11 сауда орталығы, 4 сквер;

Алмалы ауданында - 6 базар, 29 сауда орталығы, 47 спорт нысаны және фитнес орталықтар, 1 саябақ, 22 сквер, 5 бульвар, 17 жасыл аймақ;

Әуезов ауданында - 4 базар, 32 сауда орталығы, 30 фитнес орталық, 1 саябақ, 3 сквер және 1 бульвар.

Бостандық ауданында - 31 сауда орталығы, 59 спорт нысаны және фитнес орталық, 4 саябақ, 3 сквер, 4 бульвар, 3 жағажай;

Жетісу ауданында - 16 базар, 15 сауда орталығы, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;

Медеу ауданында - 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;

Наурызбай ауданында - 3 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;

Түрксіб ауданында - 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай зарарсыздандырылады.

«Алматы Тазалық» МКК және аудандардың мердігерлік ұйымдарының күшімен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, тротуарларға, көше урналары мен орындықтарға, аялдамаларға, банкоматтарға, терминалдарға, жер асты және жер үсті өтпелі жолдарға кең көлемді дезинфекция жүргізілетін болады.

Бұл жұмыстарға 70 техника мен 150 адам жұмылдырылады.

Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылады.

Сауда және қызмет көрсету орындарын дезинфекциялауды меншік иелері өздері жүргізеді.

Дезинфекциялау жұмыстары 20-21 маусымда тағы сағат 8.00 ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді