USD
USD
USD

Алматыда жантүршігерлік жол-көлік апаты болды

 Жаңа жылдың алғашқы күні Алматыда BMW  жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, автобусқа соғылды.

Алматыда жантүршігерлік жол-көлік апаты болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Көліктің ішінде болған өзге жолаушылар: бір қыз, үш жігіт ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алды. 

Оқиға 1 қаңтар күні таңғы сағат 06:20 минут шамасында Рысқұлов даңғылының бойында болған. 115 бағыттағы автобус жүргізушісі автобус паркінен рейске беттеген. Осы сәтте көшеге шығып үлгермеген қоғамдық көлікке Рысқұлов даңғылымен қатты жылдамдықпен келе жатып жолдан ауытқып кеткен BMW соғылған. Соққының күштілігі сонша, бірнеше рет айналған автобус бір жағымен арыққа түсіп кеткен.

Автобус паркі өкілдерінің сөзінше, бейнебақылау камерасы жеңіл көліктің сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүргенін көрсетіпті. Жаңа жылды достарымен бірге қарсы алған BMW көлігінің иесі, әлденеге ренжіп көлігіне отырған күйі құйғытып кетіпті. Кей дерек бойынша көлік рөліне отырған 20 жастағы жігіт мас күйде болған көрінеді.  

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент