USD
USD
USD

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

  Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан бір адам көз жұмды. 

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желіде тараған кадрлардан жарнама бағанына соқтығысқан Toyota Camry Gracia көлігінің бүктеліп қалғанын көруге болады. Апат 19 мамыр күні 23:45-те болған. Полиция жүргізушінің 2001 жылы туғанын, Әл-Фараби даңғылымен келе жатып көлікті басқара алмай, салдарынан бетон қоршауға соқтығысқанын мәлімдеді. 

– Инерцияның күшімен Toyota жүргізушісі 1994 жылғы азамат басқарған Chevrolet көлігімен де соқтығысқан. Осыдан соң жарнама бағанына соғысқан. Өкінішке қарай, Toyota Camry Gracia жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте болған қалған үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деді Алматы қалалық ДП өкілі Олжас Шәріпов.  

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев