USD
USD
USD

Алматыда жаңғыртылған ХҚКО ашылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев, ҚР цифрлық даму министрі Бағдат Мусин және мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин Алматыдағы жаңғыртылған ХҚКО-ға барды.

Алматыда жаңғыртылған ХҚКО ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа ХҚКО-да барлығы халыққа ыңғайлы етіп жасалған. Клиенттер топырлап жиналмауы үшін ХҚКО арнайы бөлімдерге бөлінген. Байланыс аймағында клиенттер қызметті өздері ала алады. Мұнда смартфон арқылы қызметті қалай алуға болатыны үйретіледі.

Әрі әлеуметтік қызмет көрсету, құжаттау және дайын құжаттарды беру бөлімі бар. Балаларға арналған бұрыш, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін – пандус және қызмет көрсетілетін жеке сектор қарастырылған. Мұнда инновациялық жобалар ұсынылған. Соның бірі тәулік бойы жұмыс істейтін 33 ұяшықты постамат, ол жерден өзіңізге ыңғайлы уақытта дайын құжатты ала аласыз. Бұған қоса, ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін өтінішті өз бетінше беру құжаттау терминалы қарастырылған. Елімізде 2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік корпорацияның 115 фронт кеңсесі жаңғыртылады. Алматыда 13 ХҚКО мен арнайы ХҚКО бар.

Жыл басынан бері тұрғындарға бір жарым миллионға жуық қызмет көрсетілді. Жаңғыртылған ХҚКО күніне 3 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.