USD
USD
USD

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуыл түнгі сағат екіде орын алды. Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш және балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні анықталып, қамауға алынды. Бұл – 23 жастағы Т.есімді азамат және 22 жастағы М.есімді азамат. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Қаскөйлер – басқа жақтан келгендер. Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген, бірақ ақша табудың бұдан басқа оңай жолын ойлап таппаған. Шабуылдаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері олардың жеке басын бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі

Астанада интернет-дүкен арқылы каннабис шайыры қосылған печенье сатылған

Есірткі қосылған печенье

Қытайдан шыққан жүк Қазақстанда неге жоғалады?

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс