USD
USD
USD

Алматыда жаңа саябақ салынады

2022 жылы Жетісу ауданын абаттандыру жұмыстары жалғасты. Бұл туралы есеп беру кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Алматыда жаңа саябақ салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айнабұлақ 1, 3 шағын аудандарының скверлері мен Гүлдер саябағы ағымдағы жөндеуден өтті, суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды.

Наурыз айында Кемел шағын ауданында жаңа саябақтың құрылысы басталып, жыл соңына дейін бітеді. Сонымен бірге, III-ші тоқсанда Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзенін абаттандыру аяқталады. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында былтыр ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды.

2023 жылы қала тұрғындарының өтініші бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park