USD
USD
USD

Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы салынады

Қала әкімі Ерболат Досаев азаматтық қорғаныс нысандарын аралап, өрт сөндіру депосының құрылысымен танысып, құтқарушылардың дайындық деңгейін бағалады.

Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір қалада 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Нормаға сәйкес, өрт сөндіру депосына қызмет көрсету радиусы 3 км-ден аспауға тиіс. Қаланың өсуін, көлік жүктемесі мен халық санының көбеюіне байланысты тағы 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді.

Салынып жатқан өрт депосы Бостандық ауданының «Нұр-Алатау» шағын ауданында орналасқан. Депо «Қазақфильм», «Алатау», «Нұр-Алатау», «Ерменсай», «Көкшоқы» сынды бес шағын ауданның тұрғындарын өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді. Пайдалануға берілген соң ол құтқарушылардың өрт орнына келу уақытын қысқартады.

Қала басшысы құрылысты жеделдетіп, осы жылдың желтоқсан айында нысанды пайдалануға беруді тапсырды. Алдағы жылдары Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарында тағы үш өрт сөндіру депосын салу жоспарланған.

Сапар барысында Ерболат Досаев құтқарушылар үшін арнайы техника сатып алуға қаражат бөлуді, Алматының қорғаныс құрылыстарын мемлекетке қайтаруды қарастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе