USD
USD
USD

Алматыда жаңа метро бекетінің құрылысы басталды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы көлік инфрақұрылымы туралы айтып берді.

Алматыда жаңа метро бекетінің құрылысы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шаһар басшысының сөзінше, аудандағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары - маршруттардың жетіспеуі және олардың тұрақты қатынамауы, жылжымалы құрамның аздығы.

«Метроның 2 жаңа станциясын іске қосу жоспарланған, сондықтан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаланың батыс бөлігіндегі маршруттық желіге оптимизация жүргізуді қарастырып жатырмыз. Осылайша, Наурызбай ауданында 3 жаңа маршрут ашылады, қазіргі 5 маршрут күшейтіледі, бұл көлік қызметін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, ол «Қалқаман» станциясының құрылысы басталғанын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы басталды. Ол Абай даңғылымен Яссауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесіне дейін орналасқан. Метроны 2025 жылға дейін салып бітіру көзделіп отыр», – деді Ерболат Досаев.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев