USD
USD
USD

Алматыда жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылады?

М. Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов брифинг барысында жаңа «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары қашан іске қосылатынын айтты.

Алматыда жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда аудан аумағында жолаушылар арасында үлкен сұранысқа ие бір ғана «Мәскеу» стансасы бар. Бүгінгі күні тағы екеуі салынып жатыр. Олар «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» стансалары. Екі бекетте де әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Содан кейін жылжымалы құрамды сынау жүргізіледі. Шамамен метрополитен әкімшілігінің болжамы бойынша, келесі жылдың бірінші және екінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр», - деді аудан әкімі Сайран Сайфеденов.

Сонымен қатар, ол вагон мен пойызды сынақтан өткізу белгілі бір уақытты қажет ететінін жеткізді.

«Сынақтан кейін жолаушылар желілері іске қосылып, метро ашылады», - деді спикер. Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Алматы метрополитенінің 10 жылдығына орай Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген Оңтүстік Кореяның Hyundai Rotem компаниясы шығарған 8 жаңа пойыз пайдалануға берілді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе