USD
USD
USD

Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды

10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауы өтеді. Сайлаудың өту барысы туралы жедел ақпарат тарату мақсатында Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды.

Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз орталығы жұмысының қағидаттары - Алматыдағы сайлау барысы туралы қалың жұртшылықты бірінші кезекте хабардар етудегі объективтілік пен жеделдік және беделді сараптама. Орталық бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырады. Барлық отандық және халықаралық бақылаушылар 1308, +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөмірлері бойынша және info@rsk.almaty. kz. электрондық мекенжайы арқылы баспасөз конференцияларын өткізуге өтініш бере алады. Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған.

Баспасөз орталығы заманауи техникамен және компьютермен, интернетке шығу және wi-fi-ға қосылу мүмкіндігі бар 40-қа жуық жұмыс орнымен жабдықталған. Бейнеконференция байланыс режимінде және Zoom платформасында бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік бар. Жалпықалалық баспсөз орталығы «Қазақстан» қонақ үйінде, «Алтын Емел» залы, 1-қабатта орналасқан. Сұрақтар бойынша +7 747 615 6602 нөміріне хабарласуға болады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян