USD
USD
USD

Алматыда жалған вакцинация құжатын сатқан медициналық мекемелер белгілі болды

Алматы полициясы жалған вакцинация төлқұжатын қандай медициналық мекемелер жасағанын айтты.

Алматыда жалған вакцинация құжатын сатқан медициналық мекемелер белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тұрақты негізде интернет-ресурстарға және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілуде, медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдануда. Еске салайық, жақында азаматтарды Сауд Аравия Корольдігіне жіберу үшін 140-тан астам жалған вакцинация төлқұжатын жасаумен айналысқан туристік компания анықталды. Сонымен қатар, тергеу сатысында №21, №4, №16 және №13 қалалық емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істер қаралуда. Олар кірген азаматтарға вакцинацияны салмай-ақ, дозаның бірінші компонентін қабылдау туралы жалған деректерді базаға енгізген немесе вакцинация бөлмесінде бейнебақылау камерасы болса, олар екпені алғандай етіп көрсетіп екпе салынған орынды пластырмен жабыстырған. Бұл қызметтердің барлығы ақшалай сыйақы үшін ұсынылғандығы анық», – деді  Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, спикер жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде екендігін, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке қамауға алу түрінде қарастырылғанын еске түсірді. 

«Құрметті медицина қызметкерлері, өзіңізді қылмыстық іске тартуға жол бермеңіз және отбасыңыз бен достарыңызды осыдан қорғаңыз», – деп қорытындылады Алмасбеков.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев