USD
USD
USD

Алматыда жалған куәлікпен өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған тұрғын ұсталды

Алматыда өзін Антикордың қызметкері етіп көрсетіп келген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жалған куәлікпен өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы қаласы ПД ӘПБ арнайы батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкері ретінде таныстырған 1987 жылы туған азамат Ұлан Райды әшкереледі.

Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қызметтік куәліктерді қолдан жасау ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Осы азаматтың қатысуымен құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 немесе 8 (7172) 90-94-08 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека

Президент Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

Халық Кеңесі

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Сыртқы қарыз

Францияда Temu және басқа маркетплейстердегі тауарларға қосымша салық енгізілді

Temu