USD
USD
USD

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңге қаржы төленді

 Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңге қаржы төленді. 

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңге қаржы төленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 633,6 млн теңгеге 119 өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 520,3 млн теңге сомаға 60 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 113,3 млн теңгеге 59 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан төленді.

«Алматы қаласы бойынша (комиссия жұмысы басталғаннан бері) барлық кезеңде 3 774,1 млн теңге сомаға 1009 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 796,2 млн теңге сомаға 519 өтінім, «Жаңа Алатау» қорының қаражысынан 977,9 млн теңге сомаға 490 өтінім» делінген хабарламада. Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтініштері InfoKazakhstan сайтына келіп түседі. Бүгінде Алматыда зардап шеккен 1413 ШОБ субъектісі анықталды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық