USD
USD
USD

Алматыда заңсыз жүрген Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары еліне қайтарылды

Алматы полициясы Тәжікстан мен Өзбекстанның 18 азаматын өз еліне қайтарды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Алматыда заңсыз жүрген Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары еліне қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қаланың көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл шетел азаматтары Қазақстанда заңсыз жүрген.

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан мен Тәжікстанның 18 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қаланың ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен мемлекетімізден шығарылды. Аталған елдердің Қазақстан Республикасындағы консулдық қызметінің күшімен азаматтар Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін рейс автобусымен жеткізілді. Оларға дипломаттармен елге оралу туралы куәлік берілді», – дейді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Полицияның мәліметіне сәйкес, тәжірибе көрсеткендей, заңсыз жүрген келімсектер көбіне қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына айналады немесе оларды өздері жасайды.

Айта кетейік, Алматыда «Мигрант» іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау мақсатында өткізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері