USD
USD
USD

Алматыда заңсыз жүрген шетел азаматтары елден шығарылды

Алматыда заңсыз жүрген 104 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда заңсыз жүрген шетел азаматтары елден шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда заңсыз келімсектерді, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

– Бір апта ішінде барлығы 276 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 56-сы алыс шетел мемлекеттерінің азаматтары. Атап айтқанда, Африка құрлығы елдерінен – 45, Түркиядан – 10 және көршілес елдердің 220 азаматы: Өзбекстаннан – 154 адам және Тәжікстаннан – 19. Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 95 шетелдік қабылдап-таратуға орналастырылды. Сот қаулысымен 104 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Нигериядан – 44 адам, Сьерра-Леонеден – 2, Ганадан – 2, Бениннен – 1, Өзбекстаннан – 41 адам, Тәжікстаннан – 8 адам, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, қабылдаушы 62 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар