5 Қараша 15:35

Алматыда заңсыз салынған жатақхана бұзылды

Фото:

Алматының Алатау ауданында заңсыз салынған үш қабатты жатақхана бұзылды.

Алматы, NEGE. Қала құрылысын бақылау басқармасына «Самғау» ықшамауданының тұрғындарынан үш қабатты жатақхана иесіне шара қолдану туралы өтініш түсті. Тексеру барысында жер телімінің иесі жекеменшік тұрғын үй құрылысына берілген аумақта контейнер блоктардан жалпы ауданы 387 шаршы метр болатын үш қабатты жатақхана құрылысын жүргізгені анықталды. «Ғимарат жобалық-сметалық құжаттамасыз, тиісті сараптамасыз, техникалық және архитектуралық қадағалаусыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарға ескертусіз тұрғызылды», - деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, жер учаскесінің шығыс жағынада аумағы 0, 0067 га болатын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иемденіп ол жерге де контейнерлерден екі қабатты ғимарат салған. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ғимарат иесі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Басқарма Алматы қаласының Алатау аудандық сотына заңсыз салынған үш қабатты жатақхана мен заңсыз тұрғызылған екі қабатты ғимаратты бұзу туралы арыз түсірген болатын. Сот бұзу туралы шешім қабылдап, жер иесіне жалпы сомасы 669 125 теңге айыппұл салды», - деп хабарлады Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Тегтер: