USD
USD
USD

Алматыда волонтерлер слеті өтті

9 желтоқсанда Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен волонтерлер слеті өтті

Алматыда волонтерлер слеті өтті
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Шараға волонтерлер, волонтерлік ұйым өкілдері, қала жастары, ҮЕҰ өкілдері, танымал тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары және т.б. қонақтар қатысты. Іс-шара барысында аталмыш саладағы танымал сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп,  жас волонтерлермен пікір алмасты. 

Сарапшылар қатарында Қайратқызы Перизат («BIZ BIRGEMIZ QAZAQSTAN» жалпыұлттық еріктілер қозғалысы мен қоғамдық қорының басшысы), Қайратұлы Әлібек («DAULETTEN» қайырымдылық қорының атқарушы директоры), Блац Дильмира («LIDER.KZ» із-түзсіз жоғалған жандарға, олардың туыстары мен жақындарына көмек көрсету жөніндегі волонтерлар қозғалысының басшысы) және Жылқыбай Әли («KOBELEK BALALAR» қайырымдылық қорының директоры) болды.

Сондай-ақ шараға қазақ эстрадасының жұлдыздары «Музарт Лайф», Інжу Әнуарбек, Абай Бегей және Лара Рысбай қатысты.

«Слеттің басты мақсаты – волонтерлердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, халықтың волонтерлікке деген қызығушылығын арттырып және олардың күнделікті қайырымды істерге қатысуын дәстүрге айналдыру», - деді әкімдік өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар