Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда вирустың жаңа штампы бар ма?

Коронавирус жұқтырған алматылық науқастардың сынамасын Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары тексереді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Алматыда вирустың жаңа штампы бар ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жандарбек Бекшин бұған дейін зерттеу жүргізілгенін, оның барысында зерттеу үшін алынған сынамалардың 78 пайызынан «британдық» штамм анықталғанын айтты.

Сондай-ақ, «бразилиялық» және «Оңтүстік Африка» коронавирус штамдары да бар.

«Біз келесі аптада 1000 сынаманы зерттеуді жоспарлап отырмыз, мутацияны анықтаймыз. Мутацияланған штамм ішінен «британиялық», «даниялық», «бразилиялық» және «Оңтүстік Африка» штамдарын нақты анықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл қоздырғыштардың ерекшелігі жұқпалығы және қысқа инкубациялық кезеңінде. Мутациялар жас топқа бағытталған. Науқастардың саны наурызда 90 пайызға, ал қаңтарда науқастардың жалпы санының 73 пайызына жетті», – деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36%-ы — жастар екенін хабараған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс