USD
USD
USD

Алматыда вирус жұқтырғандар саны 7 есе азайды

Алматыда соңғы 15 күнде кесел жұқтырғандардың қатары 7 есе төмендеген.

Алматыда вирус жұқтырғандар саны 7 есе азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімеді. Камалжан Надыровтың айтуынша, қалалық аурухана мен емхананың көмегіне жүгінгендер де әдеттегіден аз. Екі аптаның орайында 36 процентке кеміген. Дегенмен мамандар әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Өйткені індет кез келген сәтте қайта өршуі мүмкін. Сондықтан ауру көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, емханалардың жұмысы мобильді бригадалармен күшейтілген. Олардың саны 5 есе артты.   

Камалжан Надыров, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Жағдайдың тұрақтылығына және сырқаттанудың өсу қарқынының төмендігіне қарамастан, жұмыс қызу жүріп жатыр. Бүгінде қол жеткізілген оң нәтижелер бізге бизнес пен халыққа берілетін еркіндік туралы айтуға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, егер халық коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу сынды стандартты әдістерін елемесе, індет қайтадан өршуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк