USD
USD
USD

Алматыда вирус жұқтырғандар азайды

Алматыда коронавирус жұқтырған 235 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Алматыда вирус жұқтырғандар азайды
Фото: NEGE.kz
 
 
Алматы, NEGE. 8 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 51 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –30 , келіп түскені – 26. Инфекциялық стационарларда 235 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1 434), оның ішінде 4 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 36 адам жатыр. Ал 9 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 15 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 504 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 492 науқас. 12 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан