USD
USD
USD

Алматыда велоспорт маусымы ашылды

 Бірлік күні мерекесіне орай арнайы велошеру ұйымдастырылып, оған 1100 спортшы қатысты.

Алматыда велоспорт маусымы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі велошеру пандемияға байланысты  тоқтап қалған еді. Екі жылдық үзілістен кейін қайта жалғасты. Биылғы шеруге тек кәсіпқойлар емес, әуесқой спортшылар да, тіпті ардагерлер де қатысты. 8 шақырымдық велошеруде спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел жәрдем көліктері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Шара соңында қатысушылардың көбі ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарына ие болды. Әлия Смақова, қалалық спорт басқармасы бөлімінің басшысы: - Бүгінгі шараның өткізілу мақсаты бұл бұқаралық спортты дамыту. Және де барлық көпшілікті спортқа баулу. Бүгінгі күні 9 шақырым жүрді. Өзім де қатыстым. Қатысушымын. Спортты жақсы көремін. Бүгінгі қатысушылар саны мыңнан астам. Өте көңілді жақсы өтті іс-шара.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич