USD
USD
USD

«Алматыда вакцина паспорты сатылып жатыр»

Алматыда вакцинациядан өткені туралы электрондық паспорт сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

«Алматыда вакцина паспорты сатылып жатыр»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екендігін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде хабарлаймыз. Осы факт жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцинациядан өту туралы электронды паспорт беру фактісі расталмады», - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйымдар, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасын тексеру басталды. «Тергеу нәтижелері бұл ақпаратты растаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі», - деп атап өтті басқармадағылар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy